Жаңалықтар

КазГЮИУ студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінде оқуын жалғастырды.

Опубликовано 09.04.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің «Қаржы» мамандығының студенттері Колбина Наталья және Нурмагамбетов Темирлан қазіргі уақытта Новосібір қаласында.
Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің басшылығы біздің жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында студенттерді 2019 жылғы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес 2020 жылдың 03 ақпаны мен 25 маусымы аралығында семестрлік оқуға шақырған.
COVID-19 жұқпалы індетінің әлемдік пандемиясы жағдайында студенттер жол жүру қаупі мен инфекцияның таралу аймақтарын сараптай келе, осы оқу жылының соңына дейін өз оқуларын Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Студенттердің бұл шешімін олардың ата аналары да құптап отыр. Бүгінгі таңда білім алушылардың академиялық оқуларын алаңсыз жалғастыруына университеттің жатақханасында DOT технологиялары бойынша білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Қазіргі уақытта КазГЮИУ әкімшілігі, Ақпараттық технология және экономика факультетінің деканаты мен «Бизнес және басқару» кафедрасының оқытушылары студенттермен үнемі байланыста.
Студенттер коронавирустық індеттен сақтану шараларын қатаң ұстануда.