Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараттандыру

Опубликовано 10.04.2020.

06.04.2020 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің заң факультетінің 3-курс 311-315-317 топтарының студенттерімен 15.35-те Салық құқығы курсының дәріс сабағында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен онымен күрестің шаралары» тақырыбында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. Дәріс барысында коррупцияның түсінігі, зияны, теріс салдары баяндалып, онымен күресте мемлекеттің саясаты, университет ұстанымы және студенттердің коррупциялық тәуекелдерді алдын алудың мәселелері айтылды.
Дәріс оқушы Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі Бақтыбеков М.Б.