Жаңалықтар

Осындай қиын қыстау кезеңде «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда.

Опубликовано 14.04.2020.

Қазіргі таңда университетімізде Моңғолия Республикасынан келіп, білім алып жатқан 21 азаматы еліне қайта алмады. Осыған байланысты студенттерімізге университет басшылығы және профессорлық жеке оқытушылар тарапы әр түрлі қолдаулар мен көмектерін көрсетіп жатыр.

Осындай әлеуметтік көмектерін сәуір айының 13 күні «Студенттер үйі» орналасқан  осы жастарымызға қаламыздың «Cash Trade» ЖШС компаниясының директоры – Баяхметов Алмас Мырзахметұлы бастаған еріктілер азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Балалар қол ұшын бере келуге келген жандарға ризашылықтары мен шексіз алғыстарын білдірді!