Жаңалықтар

Ғылыми-педагогикалық қызмет қашықтықтан жүзеге асырылуда

Опубликовано 16.04.2020.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының жаһандық деңгейде таралуына байланысты биылғы жылдың 16 наурызынан еліміз аумағында төтенше жағдай жарияланғандығы белгілі. Осыған орай барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары өз қызметін қашықтықтан жүзеге асыру форматына көшірді. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарының барлық оқу-тәрбие, ғылыми зерттеу жұмыстары түгелдей қашықтықтан атқарылуда. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Гуманитарлық факультетінің оқытушылық-профессорлық құрамы карантин жағдайында ғылыми-педагогикалық жұмысты қашықтықтан атқаруды жан-жақты жолға қойды. Студенттер мен магистранттарға, докторанттарға білім беру үрдісі дистанционды форматта, университеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйелері мен заманауи интернет құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Факультет ғалымдары ғылыми зерттеу жұмыстарын қашықтықтан басқару және жүргізу әдістерін толық меңгерді. Кафедра отырыстары, атаулы оқиғалар мен мерекелік даталарға арналған жиындар, әдістемелік басқосулар, тәрбие сағаттары мен ғылыми-әдістемелік семинарлар ZOOM, Cisco Webex Meetings, Team Link сынды онлайн платформаларда өтіп жатыр. Әлемдік пандемия жағдайында ғылыми-педагогикалық жұмыстың үздіксіз жүргізілуіне басты көңіл бөлген Қазақстан Президенті мен Үкіметінің бастамасын іске асыруда ғалымдарымыз, оқытушыларымыз мен білім алушыларымыз өзара ынтымақтастықпен жұмыс жасауда.