Жаңалықтар

«COVID-19 кезеңінде бухгалтерлік есеп және 42 500 теңге төлем алгоритмі» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар

Опубликовано 17.04.2020.

2020 жылдың 17 сәуірінде Қазақстанның ғылыми қызметкері күнін мерекелеу аясында «Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінің «Бизнес және басқару» кафедрасы» COVID-19 кезеңінде бухгалтерлік есеп және 42 500 теңге төлем алгоритмі» тақырыбында онлайн форматта ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Шаяхметова Лилия Муслимовна, Кемерово қ. (РФ) «Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс Мемлекеттік техникалық университеті» ҚББФ өкілі, э.ғ.к., «Бухгалтерлік есеп» кафедрасының доценті Тюленева Татьяна Александровна қатысты.

Ғылыми-әдістемелік семинарды өткізу мақсаты: карантин кезеңінде жал ақыны есептеу ерекшеліктерімен танысу және ҚР МӘСҚ әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу нұсқаулығын зерделеу.

Семинарда қарастырылған негізгі мәселелер:

Төтенше жағдай және карантиндік режим кезеңіндегі жұмыс берушілердің ықтималіс-әрекеттері туралы ақпарат;
Төтенше жағдай және карантиндік режим кезінде еңбек ақыны есептеу;
COVID-19 кезеңінде 42500 теңге төлем алгоритмі.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Қазақстан азаматтарын қолдау жүйесімен ҚР МӘСҚ әлеуметтік төлемдерімен және карантинмен төтенше жағдай кезеңінде жал ақы есептеудің ресейлік тәжірибесімен танысты.