Жаңалықтар

Заң факультетінде онлайн жүйесінде факультет кеңесінің отырысы өткізілді.

Опубликовано 18.04.2020.

2020 жылдың 17 сәуірінде сағат 15.00-де Webex бағдарламасын қолдана отырып, Факультет кеңесінің онлайн отырысы ұйымдастырылды. Көптілді білім берудегі студенттер мен оқытушылардың тілдік дайындығының мониторингі нәтижелері, заң факультетінің күндізгі бөлім студенттерін бірінші кезектегі бақылау нәтижелері, СҒҚ және заң факультетіндегі студенттік кеңес жұмысы туралы жоспарланған сұрақтар, сонымен қатар төтенше жағдай кезіндегі ДОТ жүйесін қолдана отырып емтихандар, онлайн режимдегі диплом алды тәжірибесі, диплом жұмысының алдын ала қорғау мәселелері қарастырылды.