Жаңалықтар

Ғылыми үйірменің онлайн отырысы

Опубликовано 20.04.2020.

Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушылары У. Жангалиев, М. Улыкпанова, С. Хамитова ұйымдастыруымен «Гималай» ғылыми-танымдық үйірмесі аясында 17 сәуірде сағат 12.30-да жоспар бойынша «Дүниежүзілік денсаулық күні» және «Климаттың өзгеруі проблемалары» тақырыптарында үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері арасында пікір алмасу өткізілді. Үйірме мүшесі, Г-311 топ студенті Әбілқайыр Балнұр өзінің дайындаған баяндамасын қорғады. Тақырып аясында студенттерге видеоролик көрсетілді.

Өткізілген шара мақсаты: Әлем елдеріне тарап жатқан пандемиялық індеттің ел аумағында өршуіне тосқауыл қою үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында, тазалық сақтау, үйде отыру, соған байланысты қазіргі әлемдік табиғат өзгерістеріне талдау жасау.