17 сәуірде сағат 15:00-де «Scopus және Thomson Reuters деректер базасында мақалалар жазудың ғылыми әдістемесі» тақырыбында онлайн форматта ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Модератор мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы PhD докторы С. Смойлов болып, семинарға мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары қатысты.
Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты: ғылыми жарияланымдарды дайындауда ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңа білім мен дағдыларды өз бетінше алу қабілетін дамыту; жүйелік дағдыларды зерттеу.
Талқылау барысында ғылыми-әдістемелік семинардың қорытындылары бойынша келесі тұжырымдар жасалды:
1. Scopus және Thomson Reuters мәліметтер базасында ғылыми мақалалар жазғанда шетелдік сілтеме жасалынған әдебиеттерді қолдана отырып, жалпыға белгілі ғылыми гипотезалар мен теорияларға арқа сүйеу.
«Scopus және Thomson Reuters базасында мақалалар жазудың ғылыми әдістемесі» тақырыбындағы онлайн-ғылыми семинар

Опубликовано 20.04.2020.