Жаңалықтар

Жаңартылған білім мазмұны бойынша онлайн семинар

Опубликовано 22.04.2020.

21 сәуірде Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің гуманитарлық факультеті филология кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепте жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті.
Семинар ф.ғ.к., филология кафедрасының меңгерушісі Төлебаева Құралай Тоқтарқызының жетекшілігімен өтті. Негізгі баяндаманы п.ғ.к., аға оқытушы Тлебалдина Нұргүл Қазанбайқызы жасады.
Семинар барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының принциптері мен оқу бағдарламасы, оқу жоспарының түрлері (қысқа, орта, ұзақ) туралы жан жақты ақпарат берілді, портфолионың педагогикалық міндеттері, функциясы мен құрамы және оны қолданудың ерекшеліктері туралы кеңінен айтылды. Ғылыми-әдістемелік онлайн семинарға филология кафедрасының оқытушылары қатысты.