Жаңалықтар

«Ғылыми зерттеу жүргізудің нысандары мен кезеңдері және оның нәтижелерін магистрлік жұмыста көрсету» тақырыбында экономикалық бағыттағы магистранттарға онлайн – ғылыми -әдістемелік семинар

Опубликовано 22.04.2020.

“Бизнес және басқару” кафедрасы 2020 жылдың 21 сәуірінде “Ғылыми зерттеу жүргізудің нысандары мен кезеңдері және оның нәтижелерін магистрлік жұмыста көрсету” тақырыбында экономикалық бағыттағы магистранттарға онлайн – әдістемелік семинар өткізілді, модератор ретінде “Бизнес және басқару” кафедрасының аға оқытушысы PhD докторы Р. Аимкулов  қызметін атқарды.  Талқыланған сұрақтар ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми мақалалар мен магистрлік жұмыс нысанында ресімдеуге, магистрлік диссертацияны қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге арналды. Семинар жұмысына “Бизнес және басқару” кафедрасының экономикалық мамандықтарының магистранттары, Гумилев атындағы ЕҰУ докторанттары, “Бизнес және басқару”кафедрасының ПОҚ және жас ғалымдары қатысты.  Семинар белсенді талқылау формасында  өтті, магистранттар өздерінің ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру және алдағы магистрлік диссертацияны қорғау жөнінде толық жауаптар мен кеңестер алды. Аға  оқытушылар магистрантармен өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.