Жаңалықтар

ҚазИГЗУ Қолданбалы биология кафедрасының «Биотех-нологтар-рационализаторлар» студенттік ғылы-ми-зерттеу үйірмесінің онлайн-отырысы

Опубликовано 22.04.2020.

2020 жылдың 21 сәуірінде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қолданбалы биология кафедрасында (Google Hangouts платформасында) онлайн -режимінде «Биотехнологтар-рационализаторлар» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста 3 және 4 курс студенттерінің баяндамалары тыңдалды:
1. Әбді Ж. (И-423 топ) - Өсімдік жəне жануар текті белок алу, олардың тиімділігін салыстыру. Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Байгапанова Р.Ж.
2. Тәжі А., Жакипова А., Орынбаева М. (И-323 топ) студенттері -Аршаның бактери-цидтік қасиетін анықтау. Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к., доцент Силыбаева Б.М., аға оқы-тушы Ибраимова И.Б.
3. Оспан А. (И-323 Б топ) - Қазақстандағы тағам өнімдерінің сапалық құрамын анықтау. Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Силыбаева Б.М.
4. Жүрсінбаева А. (И-323 В топ) - Ешкі және сиыр сүті негізінде қызыл ірімшік да-йындау. Ғылыми жетекшісі: оқытушы Асылбаева Е.Ж.
5. Бағдат Н. (И-323 В топ) - Функционалды тамақтануда ешкі сүті негізінде биойо-гурт технологиясын жетілдіру. Ғылыми жетекшісі: оқытушы Асылбаева Е.Ж.
6. И Кенжеғұл М. (323 А топ) - Балдырлардың қоректік ортада өсуін және көбеюін бақылау. Ғылыми жетекшісі: оқытушы Ахметжанова А.М.
Үйірме жұмысына белсенді қатысқан студенттер әр-түрлі конференциялардың жүл-дегерлері атанды:
1. Оспан А. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған XІ Дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Семей қ. ҚазИГЗУ (І дәрежелі диплом).
2. Жүрсінбаева А., Бағдат Н. V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «НАУКА И ОБРАЗОВАНИЕ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: ВЫЗОВЫ XXI века» (Астана, 2019, желтоқсан, Сертификат).
3. Жүрсінбаева А., Бағдат Н. "Білім және ғылым интеграциясы-болашаққа қадам" атты ғылыми - практикалық конференциясы. Инновациялық Еуразия университеті Павло-дар қ. (2020, сәуір. Сертификат).

Модератор, ғылыми үйірме жетекшісі: оқытушы Айтжанова А.Д.