Жаңалықтар

«Қашықтықтан білім беру шеңберінде білім алушыларда ғылыми зерттеушілік дағдыларын дамыту» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар

Опубликовано 22.04.2020.

20 сәуір 2020 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінде азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қашықтықтан білім беру шеңберінде білім алушыларда ғылыми зерттеушілік дағдыларын дамыту» тақырыбындағы on-line ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты Ф. Г. Ибрагимова, ҚазИГЗУ стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры заң ғылымдарының кандидаты А. К. Кайшатаева, профессор – оқытушылар құрамы (кафедраның аға оқытушылары: Д. Б. Разиева, Т. К. Нурекешов, Т. Б. Касиев, Д. А. Жампеисов, Ж. Т. Калияуов, А. М. Сейфиева, Ж. Т. Қабылбекова және т.б.) және азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасының докторанттары (А. М. Рахимова, М. А. Амирова) қатысты.
Ғылыми-әдістемелік семинар аясында қашықтықтан зерттеу үшін платформаларды қолдану арқылы профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырумен байланысты мәселелер қарастырылды, отандық және шетелдік ғылыми журналдарда ғылыми мақалаларды дайындау және жариялау тақырыбына, азаматтық-құқықтық цикл бағыты бойынша білім алушылар мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін қашықтықтан оқыту форматында ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар Futurelearn, Coursera, Open Univercity сияқты ғылыми және оқу он-лайн платформаларын пайдалану арқылы алған білімдерін кеңейту мүмкіндіктері ұсынылды.
Ғылыми-әдістемелік семинарды өткізу барысында келесі өзекті мәселелер қаралды: «қашықтықтан оқытуды қолдану арқылы білім алушылардың ғылыми зерттеулерін жетілдірудің өзекті мәселелері», «кәсіптік заң біліміне төменгі курс студенттерінің бейімделу процесін модельдеу», «қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың қашықтықтан өзара әрекеттестігі жағдайында азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасында оқу үдерісі шеңберінде ғылыми компоненттерді ұйымдастыру». Іс – шара барысында қатысушылар ғылыми-әдістемелік семинар тақырыбы аясында өзекті мәселелерді талқылады.
Семинар талқылау кезінде айтылған ұсыныстар және ұсыныстарды қорытындылаумен аяқталды.
Семинар 20 сәуір күні сағат 11.00-де ZOOM бейнеконференциясы арқылы өтті.