Жаңалықтар

ҰБТ-ға дайындық бойынша қашықтықтан оқыту курстары өз жалғасын табуда.

Опубликовано 22.04.2020.

2020 жылдың талапкерлеріне қашықтықтан дайындық курстары жүйелі түрде, сабақ кестесіне сәйкес жүргізілуде. КазГЮИУ-ді таңдаған 6 талапкер тегін дайындықтан өтуде. Сонымен қатар 2020 жылдың 19 сәуірі күні, Репетиторлық мектептің маманы Иманғалиева Г.Г басшылығымен «Менің бойтұмарым» тақырыбына арналған психологиялық тренинг ZOOM платформасында ұйымдастырылып, түлектерге кенестер берілді. Конференцияға мектеп директоры Лиза Мағауяқызы, «Высший колледж «Қайнар» психологы Аида Сабыржанқызы және № 5 гимназия, №21, №47, № 3, № 16, № 15 орта мектептері оқушылары қатысты. Тренингтің мақсаты: түлектердің ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету, тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту, өзгелердің қызығушылығымен санасу, өзін-өзі құрметтеуді, өзіне-өзі сенуді қалыптастыру, жағымсыз эмоциядан құтылу, жақсы энергия алу. Тренинг соңында түлектерге жақсы энергия тарту үшін, өз бойтұмарларын жасауға ұсыныс жасалды. Тренингке қатысушы түлектер өз пікірлерін, ойларын айтып, бір-біріне жағымды тілектерін жеткізді. Ойымызды басқа жаққа бөліп, миымызды тынықтырдық, көптен сурет салмаған едік, өзіміздің бойтұмарымызды сала отырып, демалдық деп өз алғыстарын білдірді.
Құрметті түлектер! ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспіз!
#Бізүйдеміз #Үйденоқимыз #Бізбіргеміз .

View this post on Instagram

ҰБТ-ға дайындық бойынша қашықтықтан оқыту курстары өз жалғасын табуда. 2020 жылдың талапкерлеріне қашықтықтан дайындық курстары жүйелі түрде, сабақ кестесіне сәйкес жүргізілуде. Онлайн сабақтар ZOOM, Skype, WhatsApp платформалары арқылы өткізілуде. ҰБТ-ға дайындық курстары барысында білікті репетиторлар қосымша материалдар, тақырыптық презентациялар, тестер қолданып, талапкерлермен кері байланыстар орнатуда. КазГЮИУ-ді таңдаған талапкерлер тегін дайындықтан өтуде. Сонымен қатар 2020 жылдың 19 сәуірі күні, Репетиторлық мектептептің маманы Иманғалиева Г.Г басшылығымен «Менің бойтұмарым» тақырыбына арналған психологиялық тренинг ZOOM платформасында ұйымдастырылып, түлектерге кенестер берілді. Конференцияға мектеп директоры Лиза Мағауяқызы, «Қайнар» колледжінің психологы Аида Сабыржанқызы және дайындықта жүрген мектеп оқушылары қатысты. Тренингтің мақсаты: түлектердің ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету, тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту, өзгелердің қызығушылығымен санасу, өзін-өзі құрметтеуді, өзіне-өзі сенуді қалыптастыру, жағымсыз эмоциядан құтылу, жақсы энергия алу. Тренинг соңында түлектерге жақсы энергия тарту үшін, өз бойтұмарларын жасауға ұсыныс жасалды. Тренингке қатысушы түлектер өз пікірлерін, ойларын айтып, бір-біріне жағымды тілектерін жеткізді. Ойымызды басқа жаққа бөліп, миымызды тынықтырдық, көптен сурет салмаған едік, өзіміздің бойтұмарымызды сала отырып, демалдық деп өз алғыстарын білдірді. Құрметті түлектер, ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспіз! #Бізүйдеміз #Үйденоқимыз #Бізбіргеміз

A post shared by ШКОЛА РЕПЕТИТОРСТВА КазГЮИУ (@repetitor.semey.kazguiu) on