Жаңалықтар

«Қылмыстылықпен күрес (қылмыстық, криминологиялық, қылмыстық процестік, криминалистикалық аспектісі)» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті

Опубликовано 23.04.2020.

2020 ж. 21 сәуірде онлайн режимінде Қылмыстылықпен күрес (қылмыстық, криминологиялық, қылмыстық процестік, криминалистикалық аспектісі) тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті.

Алғы сөз Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, заң факультетінің деканы, PhD докторы М.Қаражанов және ҚҚП кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., ҚазИГЗУ профессоры Е. Утебаевқа берілді.

Қатысушылар ғылыми-практикалық семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті, Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай және карантин жағдайындағы қылмыстылықпен күресудің қазіргі жағдайына талдау жасады, оған қарсы тұру перспективаларын атады.

Бұл іс-шара кең талқылау сипатына ие болды және талқылау барысында қатысушылар төтенше жағдайдағы қылмыстылықпен күрестің өзекті мәселелерін шешу туралы көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Семинарға Семей қ., Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты: ҚҚП кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Утебаев Е.К., заң факультетінің деканы, PhD докторы М.Қаражанов, аға оқытушылар, заң ғылымдарының магистрлері С. Сабитов, Айдарова А., Сейданов А., Камбаров А., Темиргазин Р., оқытушылар, заң ғылымдарының магистрлері Жарылгасин А., Карамурзин Т., Султанова В., Ерланова А. және докторант Байгундинов Е.

Ғылыми-практикалық семинардың нәтижелері бойынша төтенше жағдай кезіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудың қолданыстағы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар жасалды.

Ғылыми-практикалық семинар Нұр Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 11:00-де zoom программасы арқылы онлайн нысанда өтті.