Жаңалықтар

«Алтын Орданың – 750 жылдығы» тақырыбында онлайн конференция

Опубликовано 24.04.2020.

22 сәуірде сағат 16.00-де тарих және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушыларының қатысуымен «Алтын Орданың - 750 жылдығы» тақырыбында онлайн форматта ғылыми - әдістемелік семинар өтті. Модератор тарих ғылымдарыңың кандидаты А.Қ. Рахметуллин болып, аға оқытушылар Г.М Байпеисова. мен А.П. Пашенцев сөз алды. Сонымен қатар, онлайн форматтағы конференцияға тарих және әлеуметтік – гуманитарлық кафедрасының магистранттары мен докторанттары қатысып, пікір- таласқа белсене ат салысты.
Осы семинарда қарастырылған сұрақтар:
1. Алтын орда мемлекетінің құрылу тарихы мен этникалық құрамы.
2. Алтын орда мемлекетінің 750 жылдығын атап өту шараларын нақтылау.
3. Алтын Орда тарихының зерттелуі және бүгінгі көзқарас.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев "Ұлытау – 2019" халықаралық туристік форумында осы қасиетті жерді барша әлемге таныту қажеттігін айтқан еді.
Онлайн – форматта өткізілген ғылыми – әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар жасалды:
1. «Алтын Орда тарихы немесе тарихнамасы» деген арнайы пән енгізу.
2. Алтын Орда тарихына байланысты бітірушілерге дипломдық немесе диссертациялық жұмыстарды ұсыну.
3. Онлайн форматта халықаралық ғылыми конференция ұйымдастыру.