Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

Опубликовано 24.04.2020.

«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті» ҚР БжҒМ 10 сәуір 2020 № 148 бұйрығына сәйкес университетте 6D020500 «Филология» мамандығы бойынша философия докторы» (Phd) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау бойынша Диссертациялық кеңестің ашылғанын хабарлаймыз. Диссертациялық кеңестің жұмыс істеу мерзімі 3 жыл, 2023 жылғы 13 сәуірге дейін.
Докторлық диссертация қорғауға кәсіби білім беру докторлық бағдарламасын толық меңгерген және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережелері» талаптарына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.