Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 90 бұйрығына сәйкес университетте 6D011400 – «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларды қорғайтын Диссертациялық Кеңес ашылғанын хабарлайды.
Диссертациялық Кеңес 2023 жылдың 28 ақпанына дейін 3 жыл көлемінде жұмыс істейді.
Докторлық диссертацияларды қорғауға ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген “Дәрежелер беру Ережелері” талаптарына сәйкес докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын толық көлемде меңгерген тұлғалар жіберіледі.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының докторанттарын осы мамандық бойынша докторлық диссертациялар қорғауға болады.