Жаңалықтар

Магистратура мен докторантураның білім алушылары үшін жүргізілген әдістемелік онлайн-кеңес

Опубликовано 25.04.2020.

Ақпараттық-техникалық ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Құрманбаев Е.А. магистратура мен докторантураның білім алушылары үшін диссертациялық жұмысты орындау, ғылыми мақалаларды жазу және оларды баспаға шығару, атап айтқанда, Web of Science және Scopus – индекстелетін ең ірі рефераттық және анықтамалық деректер қорына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарына мақала берудің тиімді жолдары туралы әдістемелік онлайн кеңес берді.

Бұл онлайн кеңес, білім алушылардың диссертациялық жұмыстары бойынша зерттеу жұмыстарын орындау және зерттеу нәтижелерін түрлі басылым беттеріне жарыққа шығару үшін таптырмас көмек құралы болғаны сөзсіз.

Видеоның толық нұсқасын көру үшін 4Mw_2Vxr7KE сілтемесі арқылы өтіңіз.