Жаңалықтар

КазГЮИУ магистранттары Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінде онлайн-тағылымдамадан өтті

Опубликовано 27.04.2020.

“Педагогика”, “Тарих”, “Филология” мамандықтарының магистранттары 13-23 сәуір аралығында Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінде (НГУЭУ) сандық технологияларды пайдалана отырып, педагогикалық технологиялардың жаңа нұсқаларын дамыту және электрондық білім беру саласында онлайн-тағылымдамадан өтті. Аталған тағылымдама КазГЮИУ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Аталған тағылымдаманың мақсаты педагогикалық технологияларды, заманауи білім беруде қолдану саласын кеңейту және сандық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану үшін жоғарға оқу орындарының арасында тәжірибе алмасу мен тәсілдерін қарастыру болып табылады. Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің мамандары Чернобровина Алина мен Ковтун Ольга қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың жаңа жағдайында сандық білім беру технологияларын пайдаланудағы өз тәжірибиелерімен бөлісті.