Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Опубликовано 27.04.2020.

2020 жылдың 24 сәуірінде Мәскеу қаласында, Мемлекеттік басқару университеті мен Ресей муниципалдық академиясы, жергілікті өзін-өзі басқару күніне орай ұйымдастырған "ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ РӨЛІ" атты V Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті.
Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, PhD, МВА Шустова Елена Павловнаның, жетекшілігімен біздің 4 курс студентіміз Байтлеуова Лаура конференцияға "Муниципалдық жобалар муниципалдық білімнің әлеуметтік-экономикалық дамуының құралы ретінде" секциясында "СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ: КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ КАЗГЮИУ ТӘЖІРИБЕСІ" атты баяндамасын ұсынды.
Аталған конференция қашықтықтан өткізілген, мақсаты жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру тәжірибесі бойынша ғылыми-сараптамалық пікір алмасу, студенттердің жобалық басқаруға және аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларына қызығушылығын арттыру және назарын аудару болып табылады.
Конференция қорытындысы бойынша Байтлеуова Лаура үшінші орынға ие болып, үшінші дәрежелі диплом алды.
Біздің студентімізді жүлделі орынмен құттықтаймыз және жетістіктерге жете берүіне тілектеспіз!!!