Жаңалықтар

Шет елдік ғалымның онлайн дәрісі

Опубликовано 27.04.2020.

Университетіміздің серіктес оқу орынының бірі София техникалық (Болгария Республикасы) университеті, телекоммуникация факультетінің докторы Станьо Колев академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Денсаулық сақтаудағы IT» мамандығының білім алушылары үшін «Тірі тіндердің биоэлектрлік белсенділігі. Биоэлектрлік сигналдарды алу және күшейту» тақырыбында онлайн дәріс оқыды.

Білім алушыларға ұсынылған дәріс тақырыбы жоғары өзектілікке ие, яғни аталған тақырып ғаламдық коронавирустық пандемия жағдайында «Денсаулық сақтаудағы IT» мамандығының қажеттілігінің бір аспектісін көрсетеді және ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкес келеді.

Жалпы, лектор кәсіби шеберлік пен педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, қойылған мәселеге аудиторияның қызығушылығын тудырып, аудиторияны тақырыпты оқуға белсенді түрде тартуға қол жеткізді.

Видеоның толық нұсқасын көру үшін https://www.youtube.com/watch?v=QNd5nx_aKQE&feature=youtu.be сілтемесі арқылы өтіңіз.