Жаңалықтар

Онлайн режимінде «Ақпараттық технологиялар жəне экономика» факультетінің Кеңесі

Опубликовано 28.04.2020.

«Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінде 2020 жылдың 20 сәуірінде сағат 15.00-де Cisco Webex платформасында онлайн режимінде факультет Кеңесі өтті. Факультет Кеңесі отырысының күн тәртібі:

  1. Онлайн режимде диплом алдындағы іс тәжірибелерді қорғауды талқылау және қорғау кестесін бекіту.
  2. Қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты пәндер бойынша емтиханды өткізу формаларына өзгерістер енгізу.
  3. Факультет оқытушыларының контенттерді толтыру сапасы мен бақылауын талқылау.
  4. 2019-2020 оқу жылындағы студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы.
  5. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын және оларды онлайн режимде орындауды талқылау.

6.       Әртүрлі (Студенттердің сабаққа қатысуын және апта сайынғы тапсырмаларын орындауын бақылау. Екінші аралық бақылауға дайындық.)