Жаңалықтар

Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама нәтижелерін талқылауға арналған сараптамалық кеңес

Опубликовано 29.04.2020.

Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің «Бизнес және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Тахтаева Римма Шаймарданқызы Нидерланды Корольдігі Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен серіктестікте іске асырылып жатқан «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді алдын-алу шаралары» жобасы аясында Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорына тартылған тәуелсіз сарапшылар жасаған құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасының нәтижелерін талқылауға арналған сараптамалық отырысқа қатысты. Zoom платформасында 2020 жылы 28 сәуірде онлайн режимінде өтті.

Осы кездесудің модераторы Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті-Батталова З.К.