Жаңалықтар

Қазақстан Халқының бірлігі күнімен құттықтау.

Опубликовано 01.05.2020.

Баршаңызды еліміздегі ең жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын.
Елімізді мекендейтін барша ұлыстардың барлығының Қазақстан атты киелі шаңырақта тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүруінің қаншалықты маңызды екендігін Төтенше жағдай кезеңі тіптен дәлелдей түсті десем артық болмас.
Ширек ғасыр Қазақстан халқы осынау мерекені ауқымды, салтанатты, белсенді түрде атап өтіп келеді. Этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің не бір тамаша театрландырылған көріністерін тамашалап, дәстүрлі тағамдарынан дәм тататын, соншалықты ынтымақ пен ықыласты сезінетін мереке. Биыл, әрине, әркім өз отбасында атап өтеміз.
Алайда, “Біз біргеміз” акциясы аясында еліміздің барлық тұрғындары қиын-қыстау сәтте қайырымдылық жасауға бірлесе жұмылды. Ортақтасып, қаншама мұқтаж отбасына қолдау көрсетілді. Біздің қаламызда да бірнеше жеке азаматтар, мекемелер, КазГЮИУ-дің оқытушылары мен қызметкерлері тарапынан университеттің “Студенттер үйінде” тұрып жатқан Монғолиялық студенттерімізге бірнеше мәрте азық-түлік жеткізумен қоса, мейірімді жан жылуын сыйлады.
Жүректерден мейірім мен махаббат өшпесін. Әлемді мейірім шуағы құтқарады. Бірлік мерекесі құтты болсын, Біз біргеміз!