Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған ағылшын тілінде, қашықтықтан өткізілген онлайн-эссе байқауының қорытындысы.

Опубликовано 01.05.2020.

КазГЮИУ Көптілді білім беру орталығы, 2020 жылдың 6 сәуір мен 24 сәуір аралығында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған ағылшын тілінде қашықтықтан онлайн-эссе байқауын өткізді.
Бұл байқау, көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында, жастарға патриоттық тәрбие беру және студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру мақсатында өткізілді.
Байқауға біздің университетіміздің және Қазақстанның басқа да жоғарғы оқу орындарынын студенттері мен магистранттары қатысты.
Байқауға қызығушылық танытқан студенттер, байқауға қатысу үшін ағылшын тілінде өз өтініштері мен эсселерін жіберді. Айта кету керек, студенттердің жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды: тақырыпты ашу, бейнелілік, баяндаудың мәнерлілігі, сөздік қорының байлығы, сауаттылық (орфография, пунктуация), баяндаудың бірегейлігі, плагиаттың болмауы.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
I орын – Митрофанов Илья Вячеславович, КазГЮИУ заң факультетінің студенті, ЮР-902 тобы;
II орын – Құрманғали Нұрлан Төлегенұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанты, 307 тобы;
ІІІ орын – Абдуасилова Ағылай Бакирқызы, КазГЮИУ гуманитарлық факультетінің 2 курс студенті, Г-213 тобы
Біздің жеңімпаздарды құттықтаймыз, оларға оқуда және ағылшын тілін үйренүде сәттілік тілейміз!