Жаңалықтар

Іске асыру мерзімі 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Опубликовано 06.05.2020.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  – ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер); Энергетика және машина жасау; Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрастырмалар; Өмір және денсаулық туралы ғылым; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Жаратылысыстану ғылымдараы саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс) және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu)және Ғылым комитеті сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2020 жылғы 11 мамырдан бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 26 маусым (қоса алғанда).