Жаңалықтар

Құрметті достар!

Опубликовано 07.05.2020.

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Университетімізде отан қорғаушыларын дайындауға атсалысатынымызды мақтаныш етеміз.
КазГЮИУ Әскери кафедрасы 2011 ж 27 тамызда ҚР Үкіметінің №977 Қаулысымен ашылған еді. Содан бері 1000-нан астам түлектеріміз “запастағы лейтенант” атағын алып шықты. Олардын арасынан бүгінгі таңда 300-ден астамы ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімшелерінде, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ұлттық гвардияның, ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Әскери кафедрасы 6 әскери-есептік мамандықтар бойынша ҚР Қарулы Күштеріне запастағы офицерлер даярлайды.
Әскери кафедра офицер-оқытушылар құрамын, студенттерді барлық жігіттер қауымын, айбынды мерекемен құттықтап: денсаулық, отбасының берекесін тілеймін.
Еліміздің аспаны ашық болсын!