Жаңалықтар

«Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» атты тәрбие сағаты

Опубликовано 11.05.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің педагогика және психология кафедрасының «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс Г-213 топ студенттері мен топ кураторы Карипбаева Шынар Тоқтарқызы «Ұлы Жеңіске-75 жыл» аясында «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» атты онлайн тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге, тәрбиелеу. Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, қайсарлылығы, ерлігі туралы, елін, жерін сүйетін, тәуелсіз еліміздің патриоты болатын тұлғаларды тәрбиелеу. Өткізілген тәрбие сағаты барысында студенттер Әлия Молдағұлованың өмірбаянымен жайлы соғыстағы ерлігі жайлы баяндамалар оқыды. Іс-шараға педагогика және психология кафедрасының оқытушылары сондай-ақ гуманитарлық факультет деканының орынбасары Азатова Азамат Азатұлы қатысты.