Жаңалықтар

“Елдік мәселесіндегі Абай ұстанымы және Қарамола ережесі”

Опубликовано 13.05.2020.

12 мамыр 2020 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің заң факультеті Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы, Семей қаласының №2 соты, №37 гимназияның қатысуымен Халқымыздың ұлы ойшылы, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Елдік мәселесіндегі Абай ұстанымы және Қарамола ережесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты халқымыздың ойшылы, ағартушы Абай Құнанбаевтың асыл мұраларын, идеялары мен көркем ойларын Мәңгілік Еліміздің негіздері ретінде тану, мемлекеттілік пен құқық жүйесінің қалыптасуында ойшылдың ұстанымдарын насихаттау, келешек ұрпақтарға мирас ретінде табыстау, Еліміздің жас мамандарын дайындауда Абай ойларымен сусындату.
Шараға Университеттің заң саласының ғалымдары мен оқытушылары, Семей қаласының №2 сот төрағасы Ж.Т.Абенова, №37 гимназия мұғалімдері мен оқушылар, студенттер қатысты.