Жаңалықтар

Ақпараттық хат Халықаралық он-лайн семинар өткізу туралы “Қазіргі жағдайдағы қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік»

Опубликовано 15.05.2020.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Алтай мемлекеттік университетінің Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институтымен бірлесіп, Семей қ. уақыты бойынша 19 мамыр сағат 14.00-де өтетін халықаралық он-лайн семинарға қатысуға шақырамыз.

Отандық және шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген зерттеулер, халықтың қаржылық сауаттылығының деңгейі әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр.
Көптеген азаматтар қазіргі уақытта, әсіресе үлкен жастағы адамдар, зейнеткерлер қаржы құрылымдарына, банктерге сенім білдірмейді және кейде “білетін” мамандардың – достарының, туыстарының ұсыныстарын негізге ала отырып, өздерінің жеке жинақтарын басқару бойынша шешім қабылдайды. Олар қолма-қол ақшаны пайдалануға артықшылық бере отырып, қаржылық және банктік қызмет көрсетудің электрондық сервистеріне сенбейді. Дәл осы себеппен Қазақстанда интернет-банкинг баяу қарқынмен дамуда.
Халық жиі түрлі банк несиелерін пайдаланады. Бірақ, банктік қарыз шартына қол қоя отырып, қолайсыз оқиғалар орын алған, қарыз алушының қаржылық жай-күйі мен кредит қабілеттілігі нашарлаған жағдайда банкпен іс-әрекет және өзара іс-қимыл ерекшеліктері туралы жеткілікті дәрежеде ақпаратты иеленбейді.
Осылайша, адамдар айтарлықтай қаржылық шығынға ұшырайды, өз жинақтарын жоғалтады, бұл қарапайым мәселелерде ақпараттың жетіспеуі мен халықтың сауатсыздығының нәтижесі болып табылады.
Қаржылық сауаттылық кез-келген адамға қаржыны пайдалануға қатысты дұрыс шешім қабылдауға, отбасылық бюджетті басқаруға, кіріс және шығыс бөлігінің есебін жүргізуге, берешектерді, соның ішінде банк несиелері бойынша берешектерді болдырмай, шығыстарды дұрыс жоспарлауға, сондай-ақ қаржы жинақтауға мүмкіндік береді.
Осындай семинарлардың негізгі мақсаты тегін негізде өзекті ақпарат беру арқылы халықтың қаржылық жағдайын жақсарту, сондай-ақ елдің барлық өңірлерінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Модераторлар:
– Наталья Олеговна Деркач, э. ғ. к., қаржы және несие кафедрасының доценті МИЭМИС АлтГУ, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша РФ Қаржы министрлігі жобасының сарапшысы, ересек тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша Алтай өлкесінің аймақтық кеңес беру-әдістемелік орталығының жетекшісі (Барнаул қ., РФ).
– Инна Витальевна Мищенко, э. ғ. к., доцент, халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының директоры МИЭМИС АлтГУ (Барнаул қ., РФ).
– Елена Павловна Шустова, э. ғ. к., МВА, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры (Семей қ., ҚР)

Талқыланатын мәселелер:
1. “Қаржылық сауатты” адам нені білдіреді, анықтау критерийлері.
2. Халықтың қаржылық сауаттылығының негізгі дағдылары.
3. Қазіргі жағдайдағы қаржылық қауіпсіздіктің ерекшеліктері.
4. Дағдарыс жағдайында адамның “қаржылық тәртібін” қалыптастыру бойынша ұсынымдар.

Он-лайн семинарға қатысу тегін!
ЖОО-ның барлық оқытушылары мен қызметкерлері қатыса алады.

Семинарға қосылу үшін линк іс-шараға дейін 1 тәулік бұрын қатысушылардың электрондық поштасына немесе WhatsApp нөміріне жіберіледі.

Электрондық мекенжай бойынша семинарға тіркелү:
e-mail: laura180898@mail.ru Лаура Байтлеуова
тел. +7 707 308 39 75

Тіркеу формасы:

Аты-жөні
Жұмыс орны
Электрондық мекен-жайы
Байланыс телефоны