Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНСТИТУЦИОНАЛИЗМ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН САБАҚТАРЫ» АТТЫ ҒАЛЫМДАР, ДОКТОРАНТТАР МЕН ТӘЖІРИБЕ ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ

Опубликовано 16.05.2020.

Қазақстан Республикасының Конституциялық  Кеңесі қолдауымен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған  “Қазақстандық конституционализм: тарих және қазіргі заман сабақтары” атты ғалымдар, докторанттар мен тәжірибе заңгерлердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы қашықтық тұрпатта  өткізілді.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің мүшесі Унзила Шапақ, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғалымдары, Ресей Федерациясы, Италия, Болгария сияқты жақын және алыс шет елдердің ғалымдары, сондай-ақ Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ,                Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Шәкәрім атындағы СМУ сияқты еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

ҚазИГЗУ ректоры с.ғ.д., профессор Ш. Құрманбаева Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығын тойлаумен ұштасқан іс-шараның маңыздылығын атап өтті.  Ректор өз сөзінде, жоғары оқу орны мұндай ауқымдағы ғылыми іс-шараны қашықтық түрінде ұйымдастыруда бірегей тәжірибе алды және алдағы уақытта да, ғылыми іс-шараларды онлайн-платформаларда өткізу мүмкіндігін атап өтті.

Сарапшылар мен ғалымдар конституционализмді дамытуға бағытталған ғылыми зерттеу тәжірибелерімен бөлісті. Жаһандық, интеграциялық және отандық өлшемде конституционализмді дамытуға, Конституцияның құқықтың басқа салаларын дамытуға ықпалы мен конституциялық заңнаманы дамыту перспективаларына ғылыми пікірлер мен ғылыми көзқарастарды талқылау және алмасу мақсатында конференцияға қатысушылар бейне-баяндамаларды ұсынды.

Конференцияға қатысушылардың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар құқықтық жүйесі дамыған мемлекеттерде конституциялық заңдылықты одан әрі нығайту мәселелері үлкен қызығушылық тудырды.

Конференция қорытындысы бойынша алдағы уақытта бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға тілек айтылды.

Конференция қорытындысы бойынша конференцияның бейне баяндамаларының жинағы құрылды. Конференцияның бейне материалдарын конференцияның ресми YouTube каналынан осы  сілтемесі бойынша табуға болады.

Сонымен қатар, конференция материалдары «ҚазИГЗУ хабаршысы» Халықаралық ғылыми журналында жарияланды (№2 басылым, маусым, 2020). Шығарылыммен университеттің ресми сайтында 2020 жылдың 1 маусымынан кейін танысуға болады.