Жаңалықтар

Қымбатты талапкер!

Опубликовано 16.05.2020.

Сіз Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің 6В10228“Әлеуметтік жұмыс” мамандығына оқуға түскен болсаңыз, бір оқпен екі қоянды атып аласыз. Яғни, “Әлеуметтік жұмыс” бойынша, оқып жүріп – “Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметке” қосымша маманданып шығасыз. Демек, қазіргі кезеңдегі сұранысы мол мамандыққа ие болу мүмкіндігіңіз бар.

Себебі: Әлеуметтік қызметтің медицина саласындағы қажеттілігі қазіргі таңда артып келеді. Оған бір айғақ ретінде бүкіл дүниені жайлап тұрған COVID-19 пандемиясына байланысты әлеуметтік қызметкерлердің халықтың денсаулығын сақтауға байланысты әлеуметтік тұрғыдан қорғалуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына, дәрігерлік-әлеуметтік жәрдем беруді ұйымдастыру ісінде атқаратын рөлі зор екеніне көз жеткіздік. Біздің елімізде денсаулық саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді даярлау ісі осы уақытқа дейін нақты қолға алынбаған. Біздің университетіміз осы олқылықтың орнын толтыру үшін “Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер” мамандарын даярлауды қолға алып отырмыз. Аталған мамандық иелері болашақта:

  • Тұрғындардың медициналық сауаттылық деңгейін арттыруға
  • Көптеген емдеу және профилактикалық шаралармен қоса, әлеуметтік мәселелердің шешіміне қатысты іс-шараларды жүзеге асыруға;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін әлеуметтік факторларды анықтауға және олармен күресуге бағытталған міндеттерді шешуге атсалысады (атқарады).
  • Сондай-ақ, өз өмірінде күрделі де қиын жағдайға ұшыраған жандарға әлеуметтік – медициналық кешенді көмек көрсетумен айналысады. Өздеріңізге белгілі Арыс, Мақтааралда болған техногендік сипаттағы жағдайлар барысында осындай (жоғарыда атап өткеніміздей) көмекке тұрғындар зәру болды. Демек, өмірдің өзі қажет етіп, талап еткен мамандық. Бұл мамандыққа кімдер оқи алады?

Біріншіден, 6В10228 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығын таңдаған мектеп бітіруші түлектер.

Оқу мерзімі: 4 жыл, күндізгі нысанда

Екіншіден,  0501000 “Әлеуметтік жұмыс”

0501013 “Әлеуметтік жұмыс маманы”

0501023 “Тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман”  мамандықтары бойынша колледж бітірген түлектер қашықтан оқыту технологиясы бойынша 2 жылда оқып бітіре алады.

 

Толық ақпарат алу үшін төменде көрсетілген

+(7222)44 24 56      Call центр +7 747 955 63 47,  141@kazguiu.kz

ДОТ 88000807007, +7 747 115 67 37

Телефондарға хабарласып, анықтама алуларыңызға болады.

Қымбатты жас достар!

Мамандық адамның өміріне азық болады десек, таңдауда қателеспеңіздер!

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетіне келіңіздер. Университет мамандықтары сіздердің қалауыңызбен заман талабына сәйкес, көңілдеріңізден шығатынына сенімдімін. Хабарласыңыздар! Сіздерге сәттілік тілеймін.

Ізгі ниетпен,

КазГЮИУ ректоры Шырын Құрманбаева

#Талапкер назарына#Менің таңдауым-КазГЮИУ#