Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Опубликовано 18.05.2020.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік білім сайтында педагог мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген республикалық «Педагогика және психология» пәні олимпиадасында Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің аға оқытушысы Дакина Гулайм Токенқызы ІІ дәрежелі дипломмен, оқытушы Қалыбекова Маржан Қайсарбекқызы І дәрежелі дипломмен және оқытушы Жумақұлова Гүлнұр Аманжолқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары Қалыбекова Маржан Қайсарбекқызы, Азизова Азиза Фарухқызы І дәрежелі дипломмен, оқытушы Жумақұлова Гүлнұр Аманжолқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталуымен құттықтаймыз.