Жаңалықтар

«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» бейне-дәрістің көрсетілімі

Опубликовано 20.05.2020.

Казақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген бейне-дәрістің бiрінші курс студенттері арасында көрсетілімi ұйымдастырылды.
Казак инновациялық гуманитарлық-заң университетінде ҚР Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» бейне-дәрістің көрсетілімі барлық факультеттердің бірінші курс студенттері арасында 2020 жылдың 19 мамыр айында on-line форматта адалдық сабақтары ретінде ұйымдастырылды.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың өне бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.