Жаңалықтар

Хабарландыру

Опубликовано 20.05.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті жанындағы «6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесінде «6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сабитов Серик Мухаметказиновичтің «Қазақстан Республикасындағы жеке детективтік қызметті реттеудің қылмыстық іс жүргізу мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Қорғау орыс тілінде.

Диссертациялық жұмыс Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

1) Шаймуханов Ахметкали Дюсетаевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, мамандығы: 12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу, сот-медициналық сараптама; жедел-іздестіру қызметі;

2) Бимбетов Асхат Болатбекович – «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты, Қазақстан Республикасының нотариаттық палатасында тіркелген.

Ғылыми кеңесшілер:

1) Ахпанов Арстан Нокешевич, заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан).

2) Азаров Владимир Александрович, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі (Ресей Федерациясы, Омск).

Қорғау 2020 жылы 6 маусымда сағат 14.00-де Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті жанындағы «6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: ШҚО, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 11, Мәжіліс залы

 

Сайт адресі: http: www.kazguiu.kz

E-mail: semey@kazguiu.kz