Жаңалықтар

2020 жылдың 19 мамырында Алтай мемлекеттік университетінің Экономика, Менеджмент және ақпараттық жүйелер халықаралық институтымен бірлесіп ұйымдастырылған “Қазіргі жағдайдағы қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік” атты Халықаралық он-лайн семинар өтті.

Опубликовано 20.05.2020.

Жыл сайын КазГЮИУ Халықаралық бөлімімен білім, экономика, құқық және т.б. салалардың дамуының өзекті тақырыптарына халықаралық семинарлар өткізіледі. Биыл халықаралық семинар тақырыбы халықтың қаржылық сауаттылығы мен қаржылық қауіпсіздігі болды
Осылайша, аталған семинарды өткізудің мақсаты қаржылық тәртіп ережелері туралы өзекті ақпарат беру және қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы халықтың қаржылық жағдайын жақсарту болып табылады.
Келесі өзекті мәселелер қаралды:
1. "Қаржылық сауатты" адам нені білдіреді, анықтау критерийлері.
2. Қазіргі жағдайдағы қаржылық қауіпсіздіктің ерекшеліктері.
3. Дағдарыс жағдайында адамның ұтымды "қаржылық тәртібін" қалыптастыру бойынша ұсынымдар.
4. Банк картасының түрін қалай дұрыс таңдау керек және банк карталарын пайдалану кезінде қателерді қалай болдырмау керек.
5. Банк карталарымен, басқа да қаржы құралдарымен алаяқтықтың типтік схемалары.

Он-лайн семинардың негізгі спикерлері:
- Наталья Олеговна Деркач, э. ғ. к., қаржы және несие кафедрасының доценті МИЭМИС АлтГУ, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша РФ Қаржы министрлігі жобасының сарапшысы, ересек тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша Алтай өлкесінің аймақтық кеңес беру-әдістемелік орталығының жетекшісі (Барнаул қ., РФ).
- Инна Витальевна Мищенко, э. ғ. к., доцент, халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының директоры МИЭМИС АлтГУ (Барнаул қ., РФ).
- Елена Павловна Шустова, э. ғ. к., МВА, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры (Семей қ., ҚР)