Жаңалықтар

Офицерлермен өткізілген семинар

Опубликовано 22.05.2020.

20 мамыр күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Мазанбекова Меруерт Ержанқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің офицерлер құрамына «Суицидалды іс-әрекетті алдын-алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында офицерлерге кәсіби стресс және суицидке ұмтылу әрекеттері туралы ақпараттар беріліп, суицид факторлары мен оның алдын-алу жолдары талқыланды. Әскер бөлім офицерлерінің «Суицид жасауға талпынған адамды қалай ажыратуға болады? , «Зиянды әдеттермен әуестену мен өз-өзіне қол жұмысаудың байланысы қандай?» және т.б. сұрақтарына нақты мысалдар келтіре отырып жауап берілді. Іс-шара соңында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімі офицерлері Меруерт Ержанқызына алғыс білдірді.