Жаңалықтар

Ақпараттық хат.

Опубликовано 23.05.2020.

10-11 сынып оқушылары мен КазГЮИУ студенттеріне арналған “Маркетинг: қазіргі заманғы концепциялар және оларды бизнесте іс жүзінде қолдану” атты КазГЮИУ – 2020 кәсіпкерлік бойынша халықаралық жазғы мектеп 2020 жылдың 27-29 мамыр аралығында он-лайн режимінде (Zoom платформасы негізінде) өтеді.

 Кәсіпкерлік бойынша жазғы мектептің негізгі мақсаты – жастардың кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру, іскерлік мансапты құру және болашақта кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу.

Модератор: профессор Благоев Веселин

 Іс-шаралар күнтізбесі:

27 мамыр 2020 ж.

16.00-17.30 – Қазіргі маркетинг концепциялары. Негізгі элементтердің сипаттамасы: өндіріс, өнім, сату, социум, өзара қарым-қатынас. Этика және әлеуметтік жауапкершілік.

29 мамыр 2020 ж.

16.00-17.30 – Маркетингтік орта. Тұтынушыларды сегменттеу және нарықтағы тауарды позициялау. Тұтынушылық мінез-құлық. Mix Маркетинг.

Бағдарламаға тіркелу 2020 жылдың 26 мамырына дейін жалғасады!

Бағдарлама тілі – ағылшын, орыс.

Бағдарламаға қатысу – тегін!

Бағдарлама аяқталған соң барлық қатысушыларға электрондық поштаға халықаралық сертификаттар жіберіледі.

 Қатысуға өтінімдерді мына мекен-жайға жіберу қажет:

Moldir Mussabayeva:  m.mussabayeva@mail.ru

анықтама алуға болатын тел. + 7 777 283 3596 (WhatsApp)

Өтінім үлгісі:

Толық аты-жөні орыс және ағылшын тілдерінде (сертификаттарды ресімдеу үшін)  
Оқу орны  
Эл.мекен-жайы және телефоны  

 Он-лайн семинарларға қатысу үшін Линк іс-шара басталғанға дейін бір тәулік бұрын электрондық пошта мекенжайына немесе WhatsApp нөміріне жіберіледі

Профессор Веселин Благоев (Болгария Республикасы, Варнен менеджмент университеті) маркетинг, менеджмент, маркетингтік қарым-қатынас, жарнама, көшбасшылық саласындағы жетекші болгар және еуропалық ғалымдардың бірі болып табылады.

В. Благоев әкімшілік және мемлекеттік басқару саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Мемлекеттік аппаратта және бизнесте, оның ішінде Болгария Министрлер Кеңесінің Бас хатшысы (1994ж.), Болгария Жекешелендіру жөніндегі агенттігінің басшысы (1995-97 жж.), “Кредит Банк” бас атқарушы директоры (1997-98 жж.), Bloomberg BusinessWeek (Болгария) бас редакторы (2004-06 жж.), Електроимпекс АД маркетинг жөніндегі Директор (1985-90 жж.).

Профессор В. Благоевты дәріс оқуға және практикалық семинарлар өткізуге шетелдік жоғары оқу орындарына шақырады. Ол АҚШ, Англия, Қытай, Үндістан, Корея, Жапония, Голландия, Франция, Польша, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина және Грузияда дәріс оқыды. Мәскеуде Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (РХШжМҚА) көшбасшылық бойынша дәріс оқуға шақырылған профессор болып табылады. 2004 жылдан бастап проф. В. Благоев  Болгар маркетологтар қауымдастығының президенті, сондай-ақ болгар сауда-өнеркәсіптік асоциациясының Басқарушы кеңесінің мүшесі.