Жаңалықтар

Жыл сайын КазГЮИУ студенттері серіктес – жоғарғы оқу орындары ұйымдастыратын халықаралық студенттік ғылыми конференцияларға белсенді қатысады

Опубликовано 27.05.2020.

2020 жылдың 26 мамырында Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., Ресей) ұйымдастырған “Менің таңдауым – ғылым!” атты VII халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференция қашықтықтан өткізілді.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 4 курс, “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының студенті Байтлеуова Лаура конференцияға ғылыми зерттеулерінің нәтижесі “Жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде қызметкерлер мен оқытушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру” атты баяндамасын ұсынды. Зерттеудің ғылыми жетекшісі – Шустова Елена Павловна, PhD, МВА, КазГЮИУ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры.
Жоғары білім беру жүйесін дамытудың қазіргі кезеңінде жоғары оқу орындарының кадрлық әлеуетін жетілдіру, соның ішінде профессорлық-оқытушылық құрамның тілдік құзыреттерін арттыру жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады.
Конференция қорытындысы бойынша Байтлеуова Лаура екінші орынға ие болды.
Біздің студентімізді жүлделі орынмен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!!!