Жаңалықтар

КазГЮИУ кәсіпкерлік бойынша халықаралық жазғы мектебі – 2020

Опубликовано 31.05.2020.

 2020 жылдың 27-29 мамыр аралығында Варна менеджмент университетімен (Болгария) бірлесіп “Маркетинг: қазіргі заманғы концепциялар және оларды бизнесте іс жүзінде қолдану” атты 10-11 сынып оқушылары мен студенттеріне арналған КазГЮИУ кәсіпкерлік бойынша халықаралық жазғы мектеп – 2020 онлайн режимінде өткізілді.

Бағдарлама тілі: ағылшын

Халықаралық Жазғы мектептің негізгі мақсаты жастардың кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру, іскерлік мансапты құруға және болашақта кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізуге ынталандыру болып табылады

Халықаралық жазғы мектеп бағдарламасының негізгі спикеры профессор Благоев Веселин.

Профессор Веселин Благоев (Болгария Республикасы, Варна менеджмент университеті) маркетинг және менеджмент бойынша ғалым.

Халықаралық жазғы мектеп аясында заманауи маркетингтің өзекті мәселелері қаралды:

– нарықтың негізгі элементтерінің сипаттамасы: өндіріс, өнім, сату, әлеумет, өзара қарым-қатынас;

– бизнестің этикасы және әлеуметтік жауапкершілігі;

– маркетингтік орта, тұтынушыларды сегменттеу және нарықтағы тауарды позициялау;

– нарықтағы сатып алу тәртібінің ерекшеліктері.

КазГЮИУ кәсіпкерлік бойынша халықаралық жазғы мектебінің қатысушылары:

  • Жерге орналастыру бойынша Мемлекеттік университет (Мәскеу қ.);
  • Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті (Мәскеу қ.);
  • Макаров атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз және өзен флотының университеті;
  • Туризм және қонақжайлылық институты ЖБ “Ресей мемлекеттік Туризм және сервис университеті” ФМББМ (филиалы) (Мәскеу қ.);
  • Смоленск мемлекеттік өнер институты (Смоленск қ.);
  • Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ.).
  • Семей қаласының мектеп оқушылары;
  • КазГЮИУ студенттеры.