Жаңалықтар

Қаржы және басқару жоғары мектебімен (Белосток қ., Польша) “Басқарудағы информатика” атты бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша КазГЮИУ бакалаврларының алғашқы түлектері

Опубликовано 02.07.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің 10 студенті поляк жоғары оқу орнымен – Қаржы және басқару жоғары мектебімен бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтады. 29 маусымда “Басқарудағы информатика” мамандығы бойынша біздің студенттеріміздің дипломдық жұмыстарын он-лайн режимінде қорғауы өтті.
Бұл жобаның бірегейлігі осы бағдарламаның түлектері қос мамандық пен екі диплом алады: Информатика мамандығы бойынша КазГЮИУ дипломы және Басқарудағы информатика мамандығы бойынша Қаржы және басқару жоғары мектебінің дипломы.
Біздің студенттер Польша жоғары оқу орнында 2 және 3 курстарда білім алды.
Бұл бағдарламаға бірінші және екінші курстан бастап студенттер қабылданады. Бұл Польшаның білім беру стандарттарына қайшы келмейді, өйткені оларда бакалавриат бағдарламасы 3 жыл, басқа да көптеген еуропалық жоғары оқу орындарында сияқты.
Біздің студенттерді бітіру біліктілік емтихандарын сәтті тапсыруымен және дипломдық жұмыстарын қорғауымен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта табыс тілейміз!