Жаңалықтар

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды

Опубликовано 21.07.2020.

☝️Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

✅Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:

📍eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген);

📍ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).

❗Барлық жоғары оқу орындарының тізімі және олармен хабарласу тәсілдері туралы ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

https://t.me/edu_news_qz/752

Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

@edu_news_qz