Жаңалықтар

Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң  университеті 2020 жылғы 17 -20 тамыз  аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге  25 шілдеден  бастап түсушілер http://ubt2020.testcenter.kz сайты арқылы ҰБТ-ға өтініш бере алады.

Опубликовано 26.07.2020.

  1. ҰБТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:
  • қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;
  • ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
  • ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
  • ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
  • ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдіргендер;
  • маусым-шілде айындағы ҰБТ-ға жіберілмеген немесе нәтижесі жойылған және наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген тұлғалар (тегін);
  • ағымдағы жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген басқа да тұлғалар (тегін).
  1. Түсушілердің өтініш беру жолдары

2 түрлі категориядағы тұлғалар үшін батырмалар қарастырылған:

1 батырмаНаурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш берген тұлғалар үшін.

Маусым-шілде айындағы ҰБТ-ға жіберілмеген немесе нәтижесі жойылған және наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген тұлғалар, сондай-ақ ағымдағы жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген басқа да тұлғалар тамыз айындағы ҰБТ-ға тегін қатысу үшін осы батырма арқылы өтініштерін жаңарта алады. Түсуші логинге – ЖСН нөмірін, парольге – маусым айындағы ТЖК нөмірін енгізеді. Сілтеме бойынша  тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетеді. Сондай-ақ, Digital ID жүйесінде тіркеуден өткен түсушілер жеке кабинетіндегі сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетіп, өтінішін жаңарта алады.

Ескерту: егер түсуші наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, бірақ маусым-шілде айындағы тестілеуге тіркелмеген болса, онда түсуші логинге де, парольге де  – ЖСН нөмірін енгізеді.

2 батырмаҰБТ-ға өтініш беру (наурыз айында өтініш бергендерді қоспағанда).

  • Түсуші тіркелуден және авторизацияланудан өтеді:
  • электрондық поштаны көрсету, сол поштаға логин мен пароль

жіберіледі;

  • сайтқа логин мен парольді енгізе отырып авторизацияланады.
  • Түсушінің одан кейінгі әрекеттері сайттағы нұсқаулықта көрсетілген (жүйеде жүктелген).
  • Аталған интерфейсте түсуші өзінің жеке мәліметтерін енгізгеннен кейін екі түрлі әдіспен: банк карточкасы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы тестілеуге ақы (міндетті төлем батырмасы бар) төлеуі тиіс. Тестілеу бағасы – 2242 теңге.
  • Алдын ала өтініш беру рәсімі бойынша құрылған «мәлімдеме номерін» ҰБТ тапсыру үшін құжат тапсыратын, жүйеде түсуші өзі көрсеткен ЖОО-ның жауапты хатшысына хабарлауы қажет (телефон, WhatsApp, әлеуметтік желілер т.б.).

ҰБТ-ға қатысу үшін төлемді төменде көрсетілген деректемелер бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі барлық банктерінің кассалары арқылы жүргізуге болады:

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011 Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы, 60

БСН 000140001853

ЖСК KZ53601011100001515

БСК HSBKKZKX КБЕ 16

«Қазақстан Халық банкі» АҚ»

Төлемнің атауы – «кешенді тестілеу үшін».

Сондай-ақ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Kaspi.kz»  банк терминалдары арқылы төлеуге болады.

Ескерту: «Өтініш ҰБТ-2020» веб-қосымшасы 2020 жылғы 1 тамыз күні      Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-де автоматты түрде жабылады.

Қош келдіңіз, талапкер – 2020!

Біздің мекен-жайымыз: Семей қ. Мәңгілік Ел, 11, №13 каб

Қабылдау комиссиясы: + (722 2) 44-24-56

Байланыс орталығы: +7 747 955 63 47,

Электронды пошта: 141@kazguiu.kz