Жаңалықтар

Студенттер назарына!

Опубликовано 28.08.2020.

Жоғары курс студенттеріне арналған

15 аптаға созылатын 2020-2021 оқу жылының 1 жартыжылдығына арналған оқу процесі  қашықтан оқыту технологиясы арқылы 2020 жылдың  1 қыркүйегінен  басталады.

1 курс студенттеріне арналған

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес университеттің академиялық саясатымен таныстыру, «AИС  Университет» (ais.semuniver.kz) платформасында жұмыс жасау тәртібі және таңдау компоненттері пәндері бойынша онлайн тіркеу процедурасын жүргізу мақсатында екі апта бойы бейімделу аптасын өткізу жоспарлануда.

1 курс білім алушылары үшін 2020-2021 оқу жылының 1 семестрінде қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып оқытудың теориялық курсы (ұзақтығы 15 апта) 2020 жылдың 14 қыркүйегінен басталады.