Жаңалықтар

Оқу процесін ұйымдастыру бойынша іс-шара

Опубликовано 08.09.2020.

2020 жылдың 25-26 тамызында жаңа оқу жылы туралы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің заң факультеті деканаты 2-4 курс студенттеріне арналған оқу процесі бойынша іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында келесідей түсіндірмелер берілді:
Қашықтықтан оқыту форматында оқу процесін өткізу туралы, оқытушы мен білім алушылардың ара қашықтықтағы өзара іс-қимылы, оқу процесіне тән барлық компоненттерді көрсететін (мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары, оқыту құралдары) интернет-технологиялардың нақты құралдарымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, техникалық себептер бойынша қашықтықтан оқуға мүмкіндігі жоқ студенттер үшін оқу процесі туралы айтылды. Осы мәселені шешу мақсатында мұндай білім алушыларға қашықтықтан оқыту үшін компьютерлер, ноутбуктер және жоғары жылдамдықты интернет, жатақхана және барлық қажетті технологиялық компоненттер ұсынылатын болады;
- тәжірибеге байланысты мәселелер талқыланды, тәжірибеден өту мерзімі, нысаны және оны қорғау белгіленді;
- жазғы семестрдің қорытындысы шығарылды, толық курсты аяқтамаған студенттер үшін салдары түсіндірілді.
Іс шараның соңында заң факультетінің студенттері декан М.Д. Қаражановқа оқуға байланысты нақтылайтын сұрақтар қойды.