Жаңалықтар

Каз ГЮИУ ғалымдарының Үржар өңіріне іссапары

Опубликовано 14.09.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық –заң университетінің ғалымдары «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Мәңгілік ел» бағыты  бойынша «Шығыс Қазақстан ономастикалық  кеңістігі-ұлттық код пен рух жаңғыруының көрінісі» (Тарбағатай, Аягөз, Үржар аудандары топонимикалық атаулары негізінде)» атты  улкен жобаны  қолға алған болатын. Осы жобаның аясында тамыз айының 24-31 аралығында, жоба жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б. Сеитова бастаған 8 адамнан құралған  жоба мүшелері Үржар  аймағы бағытында экспедициялық іссапарда болып қайтты. Іссапардың негізгі мақсаты: Үржар ауданының жер-су атауларының сөздігі атты, жобаның 3-ші жинағына арқау болатын ақпарат пен деректер жинау. Бұл іссапарда экспедиция ұжымы уш топқа бөлініп,  Үржар, Мақаншы, Таскескен бағыттары бойынша жұмыс жасады.  Жұмыс барысында, жергілікті жердегі жер –су атаулары жөнінде толыққанды мәлімет алу үшін, аймақтағы барлық ауылдарды аралап, мұражай деректері мен жергілікті ақын- жазушылардың жазбалары сарапталды, жергілікті жердегі көнекөз қариялармен сұхбат жүргізіліп, халық аузындағы жер-су атаулары тізімге алынып, олардың шығу тарихына мән берілді. Жалпы экспедиция барысында, 80-нен аса адамнан сұхбат алынып, 500 ден аса жер-су атаулары сөздікке қосылды. Топырағы құнарлы, табиғаты көркем Үржар өңірінің жер-су атауларының  тұнып тұрған тарих екенін аңғартып, бұл экспедиция өңіріміздің тарихқа және жер атауларына  өте бай    екенін, және оны келешек ұрпаққа жеткізудің  қажеттілігін тағы да дәлелдеді.