Жаңалықтар

Табиғат аясында студенттік ұйымдарға қабылдау рәсімі.

Опубликовано 14.09.2020.

Ағымдағы жылдың 11–қыркүйек күні «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінде» карантин нормаларын сақтай отырып, жасыл табиғат аясында орналасқан университет базасында, жергілікті 35-ке жуық 1 курс студенттеріне жастар ұйымына қабылдау рәсімін өткізді.
Өткен іс-шарада университетіміздің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенұлы сөз сөйлеп, студенттерден құралған «Жастар ісі жөніндегі комитеті» жаңадан келген жастарға өз ұйымдарымен таныстырды.
Жоспар бойынша әр түрлі қызықты таныстыру ойындары, тренингтер мен әндер шырқалып, қатарымызға көркем, талпынысы мол жандарға толып, жаңа толқын әкелді.
Алдағы уақытта осы ұйымдарға тіркелген жастармен бірге жұмыс жасап, үлкен белестерді бағындырады деп сенеміз!