Жаңалықтар

Хабарландыру! Құрметті магистранттар!

Опубликовано 24.09.2020.

 КазГЮИУ Varna University of Management (Bulgaria) “ Іскерлік әкімшілендіру шебері ” (МВА) бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша оқуға шақырады.

Varna University of Management (Bulgaria) Болгария Республикасының Ұлттық бағалау агенттігімен (National Evaluation) және Аккредиттеу агенттігімен (Accreditation Agency), сондай-ақ Британдық аккредиттеу кеңесімен (ВАС) аккредиттелген және SSRN бойынша жоғары рейтингісі бар жіктелген жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, әлемнің топ-1000 үздік бизнес-мектептерінің арасында 168-орынды алады.

МВА дәрежесі – бұл бизнесті басқару саласындағы халықаралық біліктілік.

МВА кез-келген салада бизнесті немесе компанияны басқару саласында сапалы білім береді, күрделі басқару мәселелерін шешуде практикалық дағдыларды қалыптастырады. Сонымен қатар, жас мамандар менеджердің болашақ мансабы үшін жақсы негіз алады, ал тәжірибелі менеджерлер басқарудың әдістері мен тәсілдерін қайта қарау мүмкіндігіне ие болады, және жаңаларын игеруге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, бағдарламаға КазГЮИУ магистратурасының барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттар жазыла алады!!!!

Бағдарламаға 2020 жылдың 10 қазанына дейін өтінім беріп үлгеріңіз!

 

Оқу шарттары:

Оқу мерзімі – 2 жыл.

Оқыту түрі – күндізгі-қашықтықтан

Оқыту тілі – ағылшын тілінде

МВА бағдарламасы бойынша оқу құны 2 жыл ішінде 5000 еуроны құрайды. Төлем Varna University of Management (Болгария) шотына транштармен төленеді.

Бекітілген бағаларға сәйкес магистрант КазГЮИУ магистратурасында оқу ақысын бөлек төлейді.

Оқу аяқталғаннан кейін магистрант 2 диплом алады: таңдаған мамандығы бойынша КазГЮИУ магистрінің дипломы және Varna University of Management МВА дипломы.

Оқу жоспарында Болгарияда жазғы кезеңде шетелдік тағылымдама қарастырылған (қосымша ақы үшін).

 

Құжаттар тізімі:

1. (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210) формасы бойынша өтініш;

2. Жоғары білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3. КазГЮИУ магистратурасына қабылдау туралы анықтама (магистратурада оқыған жағдайда);

4. 3х4 форматтағы фотосурет (2 шт.)

5. Нотариалды куәландырылған паспорттың көшірмесі;

6. Жеке куәлік көшірмесі;

7. Грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);

8. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат (IELTS,TOEFL,HSK) (бар болса).

 

Толық ақпаратты алу үшін:

 

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Семей қаласы, Мәңгілік Ел, 11 көшесі, Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет Тел. +7 (7222)360363

 

Шустова Елена Павловна,

КазГЮИУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры

Тел.: +7 777 278 40 73

e-mail: shustova_yelena@mail.ru

 

Мусабаева Молдир Алтынбековна,

халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы

Тел.:  +7 777 283 35 96

e-mail: m.mussabayeva@mail.ru