Жаңалықтар

Хабарландыру! Құрметті студенттер!

Опубликовано 24.09.2020.

КазГЮИУ келесі мамандықтар бойынша білім алатын 1 және 2 курс студенттері үшін қаржы және басқару жоғары мектебімен (Белосток қ., Польша) бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды:
• «Экономика»
• «Қаржы»
• «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
• «Есеп және аудит»
• «Информатика»
• «Ақпараттық жүйелер»
• «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Бағдарламаға 2020 жылдың 10 қазанына дейін өтінім беріп үлгеріңіз!

Мүмкіндіктер:
• Сізде Қаржы және Басқару Жоғары Мектебінің таңдалған бағдарламаларының бірі бойынша оқу мүмкіндігіңіз бар (Белосток қ., Польша):
"Экономика»
"Менеджмент»
"Басқарудағы информатика»
• Оқу аяқталғаннан кейін студент 2 диплом алады: КазГЮИУ дипломы және
Қаржы және Басқару Жоғары Мектебінің (Белосток қ., Польша) дипломы;
• Бизнесте, кәсіпорындарда және ірі компанияларда тәжірибеден өту мүмкіндігі;
• Қаржы және Басқару Жоғары Мектебінде оқу, басқа елдерде, серіктес жоғарғы оқу орындарында: Испания, Эстония, Литва, Мальта, Кипр, Португалия, Германия, Бельгия, Румыния, Түркия, Словакия, Италияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді;
• Шет тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру мүмкіндігі.

Оқу шарттары:
Оқыту тілі: орыс/ағылшын
Поляк бағдарламасы бойынша оқу мерзімі-3 жыл
Поляк бағдарламасы бойынша оқу ақысы: 3 жыл үшін 2200 евро. (оқу құнына жол жүру, виза, тұру, тамақтану кірмейді)
Осы бағдарлама бойынша КазГЮИУ – де оқу ақысы оқу тіліне байланысты: ағылшын тілінде – жылына 1500 евро, орыс тілінде-таңдалған мамандық бойынша Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіндегі оқу ақысы.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. КазГЮИУ 1 және 2-курстарының күндізгі оқу бөлімінің білім алушылары;
2. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде академиялық кезеңді табысты аяқтаған білім алушылар;
3. Ағылшын тілін білуі.

Үміткерлерді іріктеу үшін қажетті көрсеткіштер:
1. Орташа оқу үлгерімі (GPA кемінде 3,5);
2. Студенттің білім және ғылыми жетістіктері;
3. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаттар (бар болса)

Қажетті құжаттар тізімі:
1. (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210) формасы бойынша өтініш;
2. Орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;
3. 3х4 форматтағы фотосурет (2 шт.)
4. Нотариалды куәландырылған паспорттың көшірмесі;
5. Жеке куәлік көшірмесі;
6. Грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері(бар болса);
7. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат (IELTS,TOEFL,HSK) (бар болса).

Назар аударыңыз! Студент Польша университетіне оқуға барғанда, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде оқу ақысын төлемейді, оқу ақысын тек WSFiZ университетіне төлейді.
Бағдарлама ақысына жол ақысы, медициналық сақтандыру және визаны ресімдеу ақысы, Польшада оқу кезеңінде тұру және тамақтану ақысы кірмейді.

Толық ақпаратты алу үшін:

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Семей қаласы, Мәңгілік Ел, 11 көшесі, Бас ғимарат
4 қабат, 23 кабинет Тел. +7 (7222)360363

Шустова Елена Павловна,
КазГЮИУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры
Тел.: +7 777 278 40 73
e-mail: shustova_yelena@mail.ru

Мусабаева Молдир Алтынбековна,
халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы
Тел.: +7 777 283 35 96
e-mail: m.mussabayeva@mail.ru