Жаңалықтар

Хабарландыру!

Опубликовано 02.10.2020.

Құрметті әріптестер!!!

 Сіздерді “Дағдарыс жағдайындағы туристік саланы дамытудың мәселелері мен жолдары”атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. Дөңгелек үстел 2020 жылдың 15 қазанында сағат 12:00-де (Мәскеу уақыты бойынша) zoom on-line платформасында өтеді (дөңгелек үстелге қосылуға арналған сілтеме қатысушыларға 2020 жылдың 14 қазанында жіберіледі). 

Дөңгелек үстел Ресей, Қазақстан және Болгария оқытушылары мен ғалымдарының туристік саланы постковидтік кезеңде дамытудың қазіргі проблемалары мен перспективаларына байланысты мәселелерді талқылауға арнлаған диалогтік алаңы.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары:

Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул, Ресей);

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қаласы, Казахстан).

Дөңгелек үстелге қатысушылар:

Ресей мемлекеттік туризм және сервис университеті (Мәскеу, Ресей);

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен қаласы, Қазақстан);

Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет (Өскемен қаласы, Қазақстан);

Торайгыров университеті (Павлодар қ., Қазақстан);

Варна менеджмент университеті (София қ., Болгария);

Агробизнес және Өңірлерді дамыту жоғары мектебі (Пловдив қ., Болгария).

Дөңгелек үстелдің негізгі бағыттары:

  1. Аймақ / ел экономикасындағы туризмнің рөлі.
  2. Ішкі туризмді дамытудың негізгі бағыттары. Тартымды туристік нысандар.
  3. Постковидтік кезеңдегі туристік саланың даму болжамы.
  4. Қазіргі жағдайда туристік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттік қолдаудың рөлі.
  5. Цифрлық экономика жағдайында туристік саланы кластерлеу.

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына электрондық пошта мекен-жайына сертификаттар жіберіледі.

Үздік баяндамалар e-library платформасында ұсынылған және РҒДИ-да индекстелетін жинақта жарияланатын болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Барлық қатысушыларға сертификаттарды уақытылы дайындау үшін алдын ала тіркелу қажет!

Тіркелү формасы

Аты-жөні толығымен орыс тілінде (сіз қалай жазасыз сертификатта солай көрсетіледі!!!!)  
Электронды мекен-жәй  
WhatsApp нөмірі көрсетілген ұялы телефон (семинар бойынша ақпаратты және қосылуға арналған сілтемелер жіберу үшін)  
Жұмыс орны, лауазымы  

Қазақстандық қатысушылар өтінімдерді мына мекенжайға жіберуі қажет: shustova_yelena@mail.ru

Толық ақпарат алу үшін дөңгелек үстел ұйымдастырушыларына хабарласыңыз:

Мищенко Инна Витальевна – э.ғ.к., доцент, Халықаралық менеджмент экономикасы және ақпараттық жүйелер институты Халықаралық бағдарламалар орталығының директоры, Алтай мемлекеттік университеті, +7 906 964 6116 (WhatsApp), mis.iv@mail.ru

Шустовой Елена Павловна – МВА, э.ғ.к., Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (г. Семей, Республика Казахстан), +7 777 278 4073 (WhatsApp),  shustova_yelena@mail.ru